АНОНС: 2017 ЖЫЛДЫҢ 21 СӘУІРІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫНДА "ЭМИТЕНТ КҮНІ" ІС-ШАРАСЫ АЯСЫНДА "KEGOC" АҚ БАСШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТЕДІ

20.04.17 12:48
/KASE, 20.04.17/ – Қазақстан қор биржасы (Биржа немесе KASE) 2017 жылдың 21 сәуірінде Қазақстан қор биржасында "Эмитент күні" іс- шарасы аясында "KEGOC" АҚ (Астана) инвесторлардың мүддесін ұсынатын, бағалы қағаздардың кәсіби қатысушыларымен кездесу өтеді. Кездесудің басталу уақыты – алматы уақытымен сағат 11:00, өтетін орны: Алматы қ, Байзақов көшесі, 280, "Almaty Towers" КСК ғимараты, 8-ші қабат, KASE мәжіліс залы. Іс-шара барысында 2016 жылға "KEGOC" АҚ операциялық және қаржы қызметінің нәтижелерін талқылау жоспарланып отыр. Осы іс-шараға қатысу үшін Биржа мүшелері customers@kase.kz электрондық мекен-жайына қатысушы туралы мәліметті жіберуі тиіс (аты, жөні, тегі, лауазымы, электрондық пошта мекен-жайы). "KEGOC" АҚ акционерлері сұрақтарын өздерінің брокерлері арқылы қоюға болады. Биржа 2016–2018 жылдарға Биржаның қабылдаған стратегиясына сәйкес "Эмитент күнін" өткізеді. Аталмыш іс-шараларды өткізу мақсаты Биржада сатылатын бағалы қағаздарға инвесторлардың қызығушылығын арттыру, сондай-ақ компания акционерлерімен кері байланыс орнату болып табылады. Осындай іс-шараны өткізудегі мақсат – Биржада сауда-саттыққа түсетін бағалы қағаздарға инвесторлардың қызығушылығын туғызу болып табылады. [2017-04-20]