2017 жылдың 12 мамырында "Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорация" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болып өтеді

14.04.17 17:40
/KASE, 14.04.17/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорация" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания), биржаға 2017 жылдың 12 мамырында сағат 15:00-де компания акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы басталатыны туралы хабарлады, жиналыстың күн тәртібінде: 1) "ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы; 2) "ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттілік мерзімдерін, сыйақысының мөлшері мен төлеу шарттарын анықтау; 3) "СевКазЭнерго" АҚ Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлыу; 4) "СевКазЭнерго" АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттілік мерзімдерін, сыйақысының мөлшері мен төлеу шарттарын анықтау. Акционерлердің аталмыш жиналысы: Алматы, Қарасай батыр көш., 89 мекен-жайында өтеді. Аталмыш жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 14:30-да басталады. Жиналысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 017 жылдың 11 сәуіріндегі жағдай бойынша құрастырылады. Кворум болмаған жағдайда акционерлердің қайталама жиналысы 2017 жылдың 15 мамырында сол уақытта жоғарыда аталған мекен-жай бойынша өткізіледі. Аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі сұрақтарға қатысты материалдармен акционерлер компанияның атқарушы органы орналасқан жерінде таныса алады. [2017-04-14]