2016 жылдың 17 сәуірінде "Estate Management Company" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтеді

16.03.17 15:30
/KASE, 16.03.17/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Estate Management Company" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания), биржаға 2017 жылдың 17 сәуірінде сағат 11:00-де компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтетіні туралы хабарлады. Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселе: 1) жиналыстың күн тәртібін бекіту туралы; 2) компанияның 2016 жылға аудиттелген қаржы есептілігін бекіту туралы; 3) компанияның акцияларына дивиденд төлеу туралы шешім қабылдау туралы; 4) компанияның Директорлар кеңесінің қызметі туралы есебін бекіту туралы. Аталмыш жиналыс: Алматы қаласы, Фурманов көшесі, 240г мекен-жайында өтеді. Осы жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 10:00-ден 10:50-ге дейін жүргізіледі. Осы жиналысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізімі, 2017 жылдың 14 сәуіріндегі жағдай бойынша құрастырылады. Кворум болмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жиналысы жоғарыда атлған мекен-жай бойынша, 2017 жылдың 18 сәуірінде болып өтеді. Күн тәртібінің материалдарымен 2017 жылдың 07 сәуірінен бастап,жұмыс күні Алматы қаласы, Фурманов көшесі, 240г, мекен-жайлары бойынша таныса алады. [2017-03-16]