KASE мүдделі мәміле жасасқаны туралы хабарлайды

13.02.17 10:45
/KASE, 13.02.2017/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа), KASE мүддесі бар және Биржамен ерекше қарым-қатынастармен байланысы бар тұлғамен мәміле жасағаны туралы хабарлады. Атап айтқанда, Биржаның "eTrade.kz" ЖШС-пен (Биржамен ерекше қарым-қатынаспен байланысты тұлғамен, Биржаның үлестес тұлғасымен) жасасқан келісім-шарттың мәні Биржаның тұрғын емес жайлар мен жабдықтарды уақытша иеленуге және пайдалануға беруі (жалға беруі), сондай-ақ жалдап алынатын жайларды күтумен байланысты, барлық техникалық маманданымдарға сәйкес, ілеспелі қызметтер ұсыну туралы келісім-шарт жасасқаны туралы хабарлады. Толық ақпарат http://www.kase.kz/files/for_shareholders/kase_party_transactions_170209.pdf мекен-жайында жарияланған. [2017-02-13]