"Казкоммерц Секьюритиз" АҚ ("Казкоммерцбанк" Еншілес ұйымы АҚ) "Интергаз Орталық Азия" акционерлік қоғамының USN45748AB15, US45867EAB20 (INCAe2) халықаралық облигациялары бойынша 2017 жылдың 16 ақпанынан бастап биржадағы маркет-мейкері мәртебесі берілді

13.02.17 15:56
/KASE, 13.02.17/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2017 жылдың 16 ақпанынан бастап "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ ("Казкоммерцбанк" Еншілес ұйымы АҚ) (Алматы) өтініші негізінде "Интергаз Орталық Азия" акционерлік қоғамының (Алматы) USN45748AB15, US45867EAB20; KASE ресми тізімі, екінші санаты, INCAe2) халықаралық облигациялары бойынша биржадағы маркет- мейкер мәртебесі берілді. [2017-02-13]