"СевКазЭнерго" АҚ өзінің KZ2C0Y10D695 (KZ2C00001519, SKENb1) облигациялары бойынша 14-ші купонын төлегені туралы хабарлады

24.01.17 09:50
/KASE, 24.01.17/ - "СевКазЭнерго" АҚ (Петропавловск) 2017 жылдың 23 қаңтарында өзінің KZ2C0Y10D695 (KZ2C00001519, KASE ресми тізімі, "өзге де борыштық бағалы қағаздар" санаты, SKENb1) облигациялары бойынша 14-ші купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес төленген сыйақының мөлшері 499780188 теңгені құрады. [2017-01-24]