"KEGOC" АҚ Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚҚД) несиесін мерзімнен бұрын өтегені туралы хабарламаға қосымша ақпарат ұсынды

12.01.17 17:39
/KASE, 12.01.17/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "KEGOC" АҚ (Астана), биржаға жолдаған ресми хабарламамен ақпараттық хабарлама ұсынды: ... "KEGOC" АҚ қаржылық тұрақтылығын арттыру, борыштық жүктемесін азайту, валюталық, пайыздық және өзге де тәуекелдерді төмендету, сондай-ақ шығындарды азайту мақсатында, 2017 жылы 5-ші қаңтарда "KEGOC" АҚ "220 кВ ОБТҚС-Осакаровка ӘЖ қайта құру" инвестициялық жобасын жүзеге асыру үшін 2011 жылы Еуропалық Қайта құру және Даму банкінен алған 151,9 млн АҚШ доллары көлеміндегі қарызын мерзімінен бұрын өтеді. Ұзақ мерзімді бөліп төленетін несиенің алғашқы бөлігін 2016 жылы 7 желтоқсанда 70,2 млн. АҚШ доллары көлемінде қайтарды. Несиелік келісімнің күші бар кезінде "KEGOC" АҚ АҚ барлық міндеттерді өз уақытында орындады. ... [2017-01-12]