"INNOVA INVESTMENT" ЖШС KZ2P0Y05E195 (KZ2P00001712, INVAb1) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

28.12.16 15:16
/KASE, 28.12.16/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2016 жылдың 28 желтоқсанынан бастап "INNOVA INVESTMENT" ЖШС (Алматы) KZ2P0Y05E195 (KZ2P00001712; KASE ресми тізімі, "өзге борыштық бағалы қағаздар" санаты; INVAb1; 10 теңге, 10,0 млрд теңге; 28.12.11 – 28.12.16; жарты жылдық купон жылдық 9,50 %, 30/360) айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне 2011 жылдың 28 желтоқсанынан бастап "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздары" санатына, 2015 жылдың 01 қаңтарынан бастап KASE ресми тізімінің "өзге борыштық бағалы қағаздары" санатына ауыстырылды. Олардың сауда-саттығы 2014 жылдың 04 қаңтарынан бастап ашылды. [2016-12-28]