Қазақстан Халық Банкінің Еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ өзінің артықшылықты акциялары бойынша 2015 жылға дивидендінің үшінші траншын төлеуді көздеп отырғаны туралы хабарлады

27.12.16 10:44
/KASE, 27.12.16/ – Аралық инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы болып табылатын Қазақстан Халық Банкінің Еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына 2016 жылдың 29 желтоқсанында өзінің KZ1P52060111 артықшылықты акциялары бойынша 2015 жылға бір жай акцияға 3 044,28 теңгеден жалпы сомасы 1 000 000 947,40 теңгеге дивидендінің үшінші траншын төлеуді көздеп отырғаны туралы хабарлады. [2016-12-27]