"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ KZP02Y10F173 (KZ2C00003796, AGKKb7) және KZP03Y15F170 (KZ2C00003804, AGKKb8) облигациялары 22 желтоқсаннан бастап KASE ресми тізіміне "мемлекеттік сыңайлы субъектілердің борыштық бағалы қағаздары" санаты бойынша енгізілді

22.12.16 17:13
/KASE, 22.12.16/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2016 жылдың 22 қарашасындағы шешімімен "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Астана) облигациялары KASE ресми тізіміне"мемлекеттік сыңайлы субъектілердің борыштық бағалы қағаздары" санаты бойынша енгізілді. - KZP02Y10F173 (KZ2C00003796; 1 000 теңге, 32,9 млрд теңге; 22.12.16 – 22.06.26; жарты жылдық купон; 14,30 %, 30/360); - KZP03Y15F170 (KZ2C00003804; 1 000 теңге, 7,1 млрд теңге; 22.12.16 – 22.06.31; жарты жылдық купон; 15,30 % жылдық, 30/360). Листингілік комиссиясының осы шешімі аталмыш эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабыны, 1 тармағының 2) тармақшасының талаптарын орындағаннан кейін 2016 жылдың 22 желтоқсанынан бастап өз күшіне енді. Аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығының ашылуы қосымша жарияланады. Аталмыш облигацияларды ұстаушылардың өкілі Еншілес "Банк ЦентрКредит" ұйымы – "BCC Invest" АҚ (Астана) болып табылады. Қаржылық кеңесшісі және андеррайтері "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) (Алматы) болып табылады. Осы облигацияларға AGKKb7 және AGKKb8 қысқартылған белгісі (сауда- саттық коды) берілді. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында жуырдағы уақытта http://www.kase.kz/ru/emitters/show/agkk мекен-жайында жарияланады. [2016-12-22]