"KEGOC" АҚ Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕБРР) 70,2 млн АҚШ доллары қарызын жартылай өтегені туралы хабарлады

09.12.16 17:46
/KASE, 09.12.16/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "KEGOC" АҚ (Астана), Қазақстан қор биржасына (KASE), төмендегі ақпараттық хабарламаны ұсынды: ... "KEGOC" АҚ 2011 жылдың 21 мамырында тартылған №42039 Еуропа қайта құру және даму банкінен (ЕБРР) 151,9 млн. АҚШ доллары көлемінде "ОМКК – Осакаровка ЖЖ 220кВ қайта құрылымдау үшін" инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін алған қарызын жартылай өтегені туралы хабарлады. 2016 жылдың 30 қарашасында жоғарыда аталған қарыз бойынша міндеттеме сомасы 97,6 млн. АҚШ долларын құрады. Жартылай мерзімінен бұрын өтеу 2016 жылдың 7 желтоқсанында 70,2 млн. АҚШ долларын құрады. ... [2016-12-09]