KASE "Каспий лимитед" ЖШС (Қазақстан) АҚ KZP01Y05E129 (KZ2P00001670, KASPb1) облигацияларын, айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты, KASE_B* сериясы индекстерінің өкілетті тізімінен алып тастады

02.12.16 14:32
/KASE, 02.12.16/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) 2016 жылдың 02 желтоқсанынан бастап "Каспий лимитед" ЖШС (Атырау) KZP01Y05E129 (KZ2P00001670, "өзге борыштық бағалы қағаздар" санаты, KASPb1; 1 000 теңге, 4,5 млрд теңге; 01.12.11 – 01.12.16;жылдық 10,00 % жарты жылдық купон 30/360) облигацияларын, айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты, KASE_B* индекстерінің өкілетті тізімінен алып тастады. 2016 жылдың 02 желтоқсанынан бастап KASE_BC, KASE_BP индексін есептегенде KASE 1,0007594 тең түзету коэффициенті (К) қолданылады. 2015 жылдың 02 желтоқсанынан бастап KASE_B* индексінің өкілеттік тізімі 38 атау облигациядан тұрады. KASE_BY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индексі. KASE_BC – корпоративтік облигациялардың бағалары бойынша (жинақталған, бірақ төленбеген) сыйақысын есепке алмай ("таза" бағасы бойынша) есептелетін бағалар индексі. KASE_BP – корпоративтік облигациялардың бағалары бойынша барлық тиесілі сыйақысын, соның ішінде төленбегенін, есепке алып есептелетін бағалар индексі. KASE аталмыш индекстердің барлығын күніне бір рет, корпоративтік облигациялардың сауда-саттық нәтижелері бойынша есептейді. Индекстерді есептеу әдістемесі "Қор нарығының индикаторларын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатымен реттеледі, осы құжатпен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2016-12-02]