"Estate Management Company" АҚ KZ1P60350116 (KZ1P00001341, ESMCp) артықшылықты акциялары 24 қарашадан бастап KASE ресми тізіміне екінші санат бойынша енгізілді

24.11.16 17:50
/KASE, 24.11.16/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2016 жылдың 27 қазанындағы шешімімен "Estate Management Company" АҚ (Алматы) KZ1P60350116 (ISIN – KZ1P00001341) артықшылықты акциялары KASE ресми тізіміне екінші санат бойынша енгізілді. Листингілік комиссияның осы шешіміаталмыш эмитент "Листингілік ережелері" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағының шарттарын орындауына байланысты 2016 жылдың 24 қарашасынан бастап өз күшіне енді. Аталмыш акциялардың биржадағы сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша жарияланады. Аталмыш акцияларға ESMCp қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді Осы акциялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет- сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/esmc мекен-жайында жарияланған. [2016-11-24]