"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ KZP02Y10F173 (KZ2C00003796, AGKKb7) и KZP03Y15F170 (KZ2C00003804, AGKKb8) облигациялары Қазақстан қор биржасында "мемлекеттік сыңайлы сектордың субъектілерінің борыштық бағалы қағаздары" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

23.11.16 11:13
/KASE, 23.11.16/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 20106 жылдың 22 қарашасындағы шешімімен "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Астана) келесі облигациялары KASE ресми тізімінің "мемлекеттік сыңайлы сектордың субъектілерінің борыштық бағалы қағаздары" санаты бойынша енгізілді: - KZP02Y10F173 (KZ2C00003796; 1 000 теңге, 32,9 млрд теңге; 9 жыл 6 ай, жылдық 14,30 % жарты жылдық купон, 30/360); - KZP03Y15F170 (KZ2C00003804; 1 000 теңге, 7,1 млрд теңге; 14 жыл 6 ай, жылдық 15,30 % жарты жылдық купон, 30/360). Аталмыш шешімнің өз күшіне ену датасы туралы, аталған эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағы 2) тармақшасының шарттары орындағаннан кейін, қосымша хабарланады. Аталған облигациялардың биржадағы сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша жарияланады. Аталмыш облигациялар, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен 2015 жылдың 27 қарашасында жалпы сомасы 150,0 млрд теңгеге тіркелген, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ үшінші облигациялық бағдарламасының екінші және үшінші шығарылымдары және, тиісінше аталмыш эмитенттің биржада листингтен өткен "ішкі" облигацияларының жетінші және сегізінші шығарылымдары болып табылады. Аталмыш облигацияларды ұстаушылардың өкілі Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ (Алматы) болып табылады.. "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ АҚ қаржылық кеңесшісі және аталған ооблигациялардың андеррайтері "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ ("Казкоммерцбанк" еншілес ұйымы) (Алматы) болып табылады. Аталған облигацияларға тиісінше AGKKb7 және AGKKb8 қысқартылған белгілері (сауда-саттық кодтары) берілді. Аталмыш облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпараттар Листингілік комиссияның шешімі өз күшіне енгеннен кейін, KASE интернет- сайтында жарияланады. [2016-11-23]