"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды несиелендірудің жаңа әдісін іске қосқаны туралы хабарлады

31.10.16 17:17
/KASE, 31.10.16/ – Облигациялар Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Астана), Қазақстан қор биржасына (KASE), 2016 жылдың 31 қазанында баспасөз-хабарламасын ұсынды: ... Ауыл шаруашлығы техникасын Несие серіктестіктері арқылы сатып алу қазақстандық ауыл шаруашылығымен айналысатын мамандарда кеңінен таралған. "биылғы жылы жаңа өнім іске қосылды. Ол ауыл шаруашлығы техникасын Несие серіктестіктері жүйесі арқылы сатып алу. Аталмыш өнімнің жаңалығы ЕДБ арқылы табысты түрде жүзеге асырулуда. Бұрын НС ауыл шаруашылығын несиелендіре алатын, көбінесе несие кепілзат арқылы берілетін. Бірақ, ауыл шаруашылығында кепілзат ұсыну қиын болғандықтан, біз жаңа өнім енгізуді ойлап таптық, ол ауыл шаруашылығы техникасын бастапқы жарна төлеу арқылы сатып алу", – дейді "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ директоры Айжан Кенжебаева. ... Баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында – http://www.kase.kz/files/emitters/AGKK/agkk_reliz_311016.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2016-10-31]