"Estate Management Company" АҚ KZ1P60350116 (KZ1P00001341, ESMCp) артықшылықты акциялары KASE ресми тізімінің екінші санатына енгізілді

28.10.16 11:59
/KASE, 28.10.16/ –Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2016 жылдың 27 қазанындағы шешімімен KASE ресми тізімінің екінші санаты бойынша "Estate Management Company" АҚ (Алматы) KZ1P60350116 (ISIN – KZ1P00001341) артықшылықты акциялары енгізілді. Эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағында анықталған шарттарды орындағаннан кейін күшіне енеді. Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі күшіне енгені туралы қосымша хабарланады. Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің бағалы қағаздарды 2016 жылдың 04 қазанында мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес, "Estate Management Company" АҚ жарияланған жай акцияларының саны 1 200 000 000 жай акцияға бөлінген, оған KZ1C60350010 ұлттық сәйкестендіру номері берілген. 100 000 000 артықшылықты акциялары, оған KZ1P60350116 ұлттық сәйкестендіру номері берілген. Шығарылым эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізбесіне A6035 номерімен енгізілген. Аталмыш облигацияларға тиісінше ESMCp қысқартылған белгілері (сауда- саттық кодтары) берілді. "Estate Management Company" АҚ қаржылық кеңесшісі "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) (Алматы) болып табылады. "Estate Management Company" негізгі қызметі коммерциялық, тұрғын –үй кешенімен кешенді басқару, соның шінде табыс табу мақсатында жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыру болып табылады. Аталмыш акцияларды шығару туралы нақты ақпарат Листингілік комиссияның аталмыш шешімі күшіне енген соң KASE интернет-сайтында жарияланады. [2016-10-28]