Ұлттық Банк "Имсталькон" АҚ акцияларының 2016 жылдың 11 наурызынан бастап 10 қыркүйегіне дейінгі кезеңде орналастырылмағаны туралы есебін назарына алды

28.09.16 09:50
/KASE, 28.09.16/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Имсталькон" АҚ (Алматы, одан әрі-компания) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (Ұлттық Банк) 2016 жылдың 23 қыркүйегіндегі хатының көшірмесін биржаға ұсынды, аталмыш хатқа сәйкес: - Ұлттық Банк компания акцияларының 2016 жылдың 11 наурызынан бастап 10 қыркүйегіне дейінгі кезеңде орналастырылмағаны туралы есебін назарына алды; - 2016 жылдың 10 қыркүйегіндегі жағдай бойынша компанияның 4 000 000 жай және 1 000 000 артықшылықты акциясы орналастырылмаған. [2016-09-28