"Имсталькон" АҚ KZP01Y07D747 (KZ2C00000420, IMSKb3) облигациялары бойынша 12-ші купонын төлемегені туралы хабарлады

26.09.16 14:58
/KASE, 26.09.16/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Имсталькон" АҚ (Алматы обл.), Қазақстан қор биржасына (KASE), ресми хатпен KZP01Y07D747 (KZ2C00000420, KASE ресми тізімі, "өзге борыштық бағалы қағаздар" санаты, IMSKb3) облигациялары бойынша сегізінші купонын төлеуді кешіктіргені туралы хабарлады. Хатында "Имсталькон" АҚ төмендегіні хабарлады: ... 2016 жылдың 25 қаңтарындағы Алматы қалалық ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотының шешімімен "Имсталькон" АҚ тарапынан берілген аппеляциялық шағымға қатысты оңалту рәсімін қолдануға Алматы қаласының азаматтық және әкімшілік сотының аппеляциялық алқасының 2016 жылдың 30 наурызындағы қаулысымен заң күшіне енді. Қабылданған шешімге сәйкес, заңды тұлғаның барлық органдары ("Имсталькон" АҚ) мүлікке иелік етуге (соның ішінде қажы құралдарына) құқығынан айырылуына байланысты, Қоғам KZP01Y07D747 борыштық бағалы қағаздары бойынша 2016 жылдың қыркүйегінде 24 000 теңге (жиырма төрт мың) көлемінде купондық сыйақы төлеуге мүмкіндігі жоқ. ... [2016-09-26]