"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Алматы облысының әкімдігімен ынтымақтастықты кеңейту туралы келісімге қол қойғаны туралы хабарлады

07.09.16 15:34
/KASE, 07.09.16/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Астана), Қазақстан қор биржасына (KASE), 2016 жылдың 07 қыркүйегінде баспасөз- хабарламасын ұсынды: цитата басы "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ мен Алматы облысының әкімдігі ынтымақтастықты нығайту мен несие серіктестігіне (НС) қатысушыларды қаржыландырудың ауқымын кеңейту туралы өзара келісімге қол қойды. Бұл туралы бүгін аймақ әкімі Амандық Баталов пен "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Басқарма төрайымы Гүлнәз Атамқұлова Талдықорған қаласында өткен облыстағы НС жүйесін қолдау мен дамытуға арналған кеңейтілген кеңесте атап өтті. "Әкімшілікпен арадағы бірлескен жұмыс Алматы облысындағы фермерлердің «Аграрлық несие корпорациясы" АҚ қаржыландырып отырған барлық бағдарламаларға қатысуына, сондай-ақ, шағын және орта шаруашылықтардың НС несиелеудегі жайлы талаптары бойынша ортақ кооперативтерге бірігуіне мүмкіндік береді»,-деп атап өтті Г. Атамқұлова. цитата соңы [2016-09-07]