"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ консерві өндіретін цех құрылысын қаржыландырғаны туралы хабарлады

29.08.16 10:55
/KASE, 29.08.16/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Астана), Қазақстан қор биржасына (KASE) төмендегі баспасөз-хабарламасын ұсынды: цитата басы Ақтөбе қаласында 30 тамыз күні "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ қаржыландыруымен "Айбек" ауылдық тұтыну кооперативінің кешенді ет комбинатында консерві шығаратын цехты іске қосу жоспарланған. Бұл шара Қазақстан Республикасы Конситуциясы мерекесі күніне орайластырылған. Консерві цехы бір ауысымда 5 мың қалбырда бұқтырылған жылқы, сиыр қой етімен қатар, ботқа және басқа да тағам өнімдерін шығаратын болады. Аталған цех аймақтағы консераві өнімдеріне деген сұранысты қамтамасыз етумен бірге, нарықтағы қазақстандық өнімдердің артуына және Ақтөбе облысындағы етті қайта өңдеу өндірісін дамытуға өз үлесін қосатын болады. цитата соңы Ақпарат KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/AGKK/agkk_reliz_290816_kz.pdf мекен-жайында жарияланған. [2016-08-29]