Ұлттық Банк "ШалкияЦинк ЛТД" АҚ акцияларының 2016 жылдың 13 қаңтарынан бастап 12 шілдесіне дейінгі кезеңде орналастырылмағаны туралы есебін назарына алды

19.08.16 12:23
/KASE, 19.08.16/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ШалкияЦинк ЛТД" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (Ұлттық Банк) 2016 жылдың 12 тамызындағы хатының көшірмесін биржаға ұсынды, аталмыш хатқа сәйкес: - Ұлттық Банк компания акцияларының 2016 жылдың 13 қаңтарынан бастап 12 шілдесіне дейінгі кезеңде орналастырылмағаны туралы есебін назарына алды; - 2016 жылдың 12 шілдесіндегі жағдай бойынша компанияның 590 857 958 жай және 17 036 295 922,34 артықшылықты акциясы орналастырылмаған. Есеп KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/SHZN/shzn_razm_120816.pdf мекен- жайында жарияланған. [2016-08-19]