"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Арқабай ауылында сүт товарлы фермасын дамты жобасын қаржыландырғаны туралы хабарлады

15.08.16 10:08
/KASE, 15.08.15/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Астана), Қазақстан қор биржасына (KASE), төмендегі баспасөз-хабарламасын ұсынды: цитата басы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалды реформасын жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 60 қадам аясында, Корпорация Алматы облысы, Талғар ауданы, Арқабай ауылында сүт және сүт өнімдері өндірісін дамытуға арналған жобаны қаржыландырды. Корпорацияның қаржылай қолдауы арқасында 500 млн. теңгеден аса несие алған "Байсерке-Агро" ЖШС қолындағы сүт-тауарлы фермасының қуаттылығын 850 бас ірі қара малға дейін арттыруға мүмкіндік алды. Корпорацияның қолдауы есебінен шаруашылыққа қажет жаңа құрал жабдықтар сатып алынып, құрлыс жөндеу жұмыстары аяқталды, сондай-ақ, сүт-тауарлы фермасы алдағы уақытта тәулігіне 16 тонна сүт сауып, осы арқылы жылына 5 мың тонна сүт өндіруді жоспарлап отыр. цитата соңы [2016-08-15]