"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ KZP03Y05Е364 (KZ2C00003754, AZHKb3) облигациялары KASE листинг процедурасынан "мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша 2016 жылдың 10 тамызынан бастап енгізілді

10.08.16 11:36
/KASE, 10.08.16/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2016 жылдың 08 тамызындағы шешімімен KASE ресми тізімінің "мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ (Алматы) KZP03Y05Е364 (KZ2C00003754; 1 000 тенге, 4,530 млн теңге; 10.08.16 – 10.08.21; жартыжылдық купон, жылдық 15,50 %, 30/360) облигацияларлы енгізілді. Эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағы 2) тармақшасында анықталған шарттарды орындағаннан кейін Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі 2016 жылдың 10 тамызынан бастап күшіне енді. Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ қаржылық кеңесшісі "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы "BCC Invest" (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға тиісінше AZHKb3 қысқартылған белгілері (сауда- саттық кодтары) берілді. Осы облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат, Листингілік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін, KASE интернет- сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/azhk мекен-жайында жарияланады. [2016-08-10]