Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі "СОКОЛОВКА" АҚ акцияларын 2015 жылдың 22 қыркүйегінен 2016 жылдың 22 наурызына дейінгі кезеңде орналастыру нәтижелері туралы есебін бекітті

02.08.16 15:37
/KASE, 02.08.16/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "СОКОЛОВКА" АҚ (Рудный, одан әрі-компания) биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (Ұлттық Банк) 2016 жылдың 30 маусымындағы компания акцияларының орналастыру нәтижелері туралы есебін бекіту жөнінде ескерту хатының көшірмесін ұсынды. Ұсынылған хатқа сәйкес - Ұлттық Банк компанияның акцияларын 22 қыркүйегінен 2016 жылдың 22 наурызына дейінгі орналастыру нәтижелері туралы есебін бекітті; - 2016 жылдың 22 нарызындағы жағдай бойынша компанияның 1 120 269 жай акциясы орналастырылған, оның жарғылық капиталы 1 120 269 000,00 теңге көлемінде қалыптасқан. Есеп KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/SKLK/sklk_placement_results_210416.pdf мекен-жайында орналасқан. [2016-08-082]