2016 жылдың 05 қыркүйегінде "Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорация" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болып өтеді

05.08.16 16:46
/KASE, 05.08.15/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорация" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания), биржаға 2016 жылдың 05 қыркүйегінде сағат 15:00-де компания акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы басталатыны туралы хабарлады, жиналыстың күн тәртібінде: 1) "ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ Директорлар кеңесінің мүшелерінің сандық құрамын анықтау туралы; 2) "ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ Директорлар кеңесінің жаңа мүшесін сайлау туралы; 3) "ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ Директорлар кеңесінің жаңа сайланған мүшелерінің сыйақы мөлшерлемесі мен шарттарын анықтау туралы; 4) "СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ Директорлар кеңесінің сандық құрамын анықтау туралы; 5) "СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ Директорлар кеңесінің жаңа мүшесін сайлау туралы; 6) СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ Директорлар кеңесінің жаңа сайланған мүшелерінің сыйақы мөлшерлемесі мен шарттарын анықтау туралы; Акционерлердің аталмыш жиналысы: Алматы, Қарасай батыр көш., 89 мекен-жайында өтеді. Аталмыш жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 14:30-да басталады. Жиналысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2016 жылдың 02 тамызындағы жағдай бойынша құрастырылады. Кворум болмаған жағдайда акционерлердің қайталама жиналысы 2016 жылдың 06 қыркүйекте сол уақытта жоғарыда аталған мекен-жай бойынша өткізіледі. Аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі сұрақтарға қатысты материалдармен акционерлер компанияның атқарушы органы орналасқан жерінде таныса алады. [2015-08-05]