KASE таңертеңгілік сессиясы: USDKZT_TOD = 353,99 (+0,29), CNYKZT_TOD = 53,3873 (+0,2673)

03.08.16 11:15
/KASE, 03.08.2016/ – Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды. Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 26 мүшесі қатысты. Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 353,99 теңгені (+0,29 теңге), ал сауда-саттық көлемі – 113 800 мың АҚШ долларын (+54 900 мың USD) құрады. Есептесуі Т+1 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ. Есептесуі T+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ; Есептесуі T+0 теңгемен қытай юанінің орташа сараланған бағамы бір юаньға 53,3873 теңгені (+0,2673 теңге) құрады, сауда-саттық көлемі – 1 100 мың (+800 мың) юань болды. Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді. [2016-08-03]