"KEGOC" АҚ талап арыз алғаны туралы хабарлады

02.08.16 15:04
/KASE, 02.08.16/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "KEGOC" АҚ (Астана), Қазақстан қор биржасына (KASE), ресми хатпен хабарлады: "Астана қаласы арнайы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 19.07.2016 ж. ұйғарымына сай 2016 жылғы 2 тамызға "Астана АЭК" акционерлік қоғамының "KEGOC" АҚ қатысты 1 000 000 теңге мөлшеріндегі борыштың бөлігін өндіріп алу туралы және 2014 жылғы 14 қыркүйектен бастап 2015 жылғы желтоқсанға дейінгі салыстыру актілерін дұрыс деп тану туралы талап арызы бойынша сот тыңдалымы тағайындалды.". [2016-08-02]