"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ өзінің KZP02M90E700 (KZ2C00003283, AGKKb5) облигациялары бойынша купонын төлегені туралы хабарлады

27.06.16 12:10
/KASE, 27.06.16/ - "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Астана) 2016 жылдың 27 маусымында өзінің KZP02M90E700 (KZ2C00003283, KASE ресми тізімі, "мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздары" санаты, AGKKb5) облигациялары бойынша купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес төленген сыйақының мөлшері 727 391 480 теңгені құрады. [2016-06-27]