"АПК-Инвест" Корпорациясы" ЖШС өзінің KZP01Y05D980 (KZ2P00001548, APKIb4) облигацияларын өтегені туралы хабарлады
10.06.16 17:15
/KASE, 10.06.16/ - "АПК-Инвест" Корпорациясы" ЖШС (Астана) 2016 жылдың 10
маусымында өзінің KZP01Y05D980 (KZ2P00001548, APKIb4) облигацияларын өтегені,
сондай-ақ, өтеу шегінде аталмыш облигациялар бойынша соңғы - купондық
сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады.
Аталмыш хабарламаға сәйкес аталмыш облигациялар бойынша төлемдердің жалпы
сомасы 7 909 112 400 теңгені, соның ішінде негізгі қарыздың (облигациялардың
жиынтық номиналды құнының) сомасы – 7 532 488 000 теңгені, купондық сыйақысы –
376 624 400 теңгені құрады.
[2016-06-10]