/KASE, 30.025.16/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) 2016 жылдың 30
мамырдан бастап "Корпорация "АПК-Инвест" АҚ (Астана) KZP01Y05D980
(KZ2P00001548, "мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің борыштық
бағалы қағаздар" санаты, APKIb4; 1 000 тенге, 10,0 млрд тенге; 30.05.11 –
30.05.16, жылдық 10,00 % жарты жылдық купон 30/360) облигацияларын,
айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты, KASE_B* индекстерінің
өкілетті тізімінен алып тастады.
2016 жылдың 30 мамырынан бастап KASE_BC, KASE_BP индексін
есептегенде KASE 1,0007477 тең түзету коэффициенті (К) қолданылады.
2015 жылдың 30 мамырынан бастап KASE_B* индексінің өкілеттік тізімі 55
атау облигациядан тұрады.
KASE_BY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индексі.
KASE_BC – корпоративтік облигациялардың бағалары бойынша
(жинақталған, бірақ төленбеген) сыйақысын есепке алмай ("таза" бағасы
бойынша) есептелетін бағалар индексі.
KASE_BP – корпоративтік облигациялардың бағалары бойынша барлық
тиесілі сыйақысын, соның ішінде төленбегенін, есепке алып есептелетін
бағалар индексі.
KASE аталмыш индекстердің барлығын күніне бір рет, корпоративтік
облигациялардың сауда-саттық нәтижелері бойынша есептейді.
Бұрын осы тақырыпта 2016 жылдың 30 мамырында "Корпорация "АПК-
Инвест" ЖШС KZP01Y05D980 (KZ2P00001548, APKIb4) айналым мерзімі
өткендіктен, KASE ресми тізімінен шығарылды атты жаңалығы
http://www.kase.kz/ru/news/show/1296881 жарияланған.
Индекстерді есептеу әдістемесі "Қор нарығының индикаторларын есептеу
әдістемесі" атты KASE ішкі құжатымен реттеледі, осы құжатпен KASE
интернет-сайтында
http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf
мекен-жайы бойынша танысуға болады.
[2016-05-30]