13 мамырдан бастап "Имсталькон" АҚ үш шығарылым облигациялары KASE ресми тізімінің "өзге бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санатынан "буферлік санат" санатына ауыстырылды

13.05.16 11:29
/KASE, 13.05.16/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының шешімімен 2016 жылдың 12 мамырынан бастап "Имсталькон" АҚ (Астана, одан әрі – компания):төмендегі облигациялары KASE ресми тізімінің "буферлік санат" санатына ауыстыру үшін негіздемелерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспары қабылданды: - KZP01Y07D549 (KZ2C00000412, KASE ресми тізімі, "өзге борыштық бағалы қағаздар" санаты, IMSKb1); - KZP02Y07D547 (KZ2C00000446, KASE ресми тізімі, "өзге борыштық бағалы қағаздар" санаты, IIMSKb2); - KZP01Y07D747 (KZ2C00000420, KASE ресми тізімі, "өзге борыштық бағалы қағаздар" санаты, IMSKb3). KASE 2016 жылдың 12 мамырындағы тұжырымдамасында аталмыш облигациялардың сыйақы төлеу бойынша 11-ші купондық кезеңде IMSKb3 (2015 жылдың 08 қыркүйегінен 2016 жылдың 07 наурызына дейін) облигациялары бойынша, сыйақы төлеу бойынша 13-ші купондық кезеңде IMSKb2 (2015 жылдың 08 қазанынан 2016 жылдың 07 сәуіріне дейін) дефолтқа жол бергендігі негіз болған. Қор биржасында бағалы қағаздары айналымға жіберілген (жіберілетін) Эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына қойылатын талаптардың 14 тармағы 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2014 жылдың 22 қазанындағы №189 қаулысымен бекітілген қор биржасының жекелеген санаттарына сәйкес, өз міндеттемелері бойынша сыйақы төлеу бойынша эмитент дефолты оны KASE ресми тізімінің "буферлік санат" санатына ауыстыруға негіз болды. Аталмыш талаптардың 18 тармағына сәйкес компания қазақстан қор биржасына 2016 жылдың 11 мамырында оның бағалы қағаздарын KASE ресми тізімінің "буферлік санат" санатына ауыстыру үшін негіздемелерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұұсынды. Аталмыш талаптардың 20 тармағы 2 абзацына сәйкес 2016 жылдың 13 мамырынан бастап аталмыш облигациялар KASE ресми тізімінің "буферлік санат" санатына ауыстырылды. [2016-05-13]