"Имсталькон" АҚ "Эксперт РА Казахстан" рейтингілік агенттігі ЖШС қоғамның және оның облигацияларының рейтингілік бағасын жарамдылық мерзімі өтуіне байланысты кері қайтарып алғаны туралы хабарлады

03.05.16 15:31
/KASE, 03.05.16/ – Облигациялар Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Имсталькон" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), ресми хатпен төмендегіні хабарлады: ... ... "Эксперт РА Казахстан" (RAEX) рейтингілік агенттігі 2016 жылдың 27 сәуірінен бастап "Имсталькон" АҚ компаниясының несие қабілеттілігі рейтингін және (ҰСН – KZP01Y07D549, KZP02Y07D547, KZP01Y07D747) үш облигацияларының сенімділік рейтингін жарамдылық мерзімі өтуіне байланысты кері қайтарып алды. ... Аталмыш хатпен және баспасөз-хабарламасымен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/IMSK/imsk_rating_270416.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2016-05-03]