"Имсталькон" АҚ KZP02Y07D547 (KZ2C00000446, IMSKb2) облигациялары бойынша 13-ші купоны бойынша төлемді кешіктіргені туралы хабарлады

22.04.16 19:23
/KASE, 22.04.16/ – Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған (KASE) "Имсталькон" АҚ (Алматы) ресми хатпен төмендегі хабарламаны ұсынды: цитата басы 2016 жылдың 30 наурызында "Имсталькон" АҚ қатысты Алматы қалалық ауданаралық мамандандырылған экономикалық соты 2015 жылдың 25 қаңтарында қабылданған сауықтыру рәсімдерін қолдану туралы шешімі күшіне енгізілді. Осы қабылданған шешімге байланысты, заңды тұлғаның барлық органдары мүлікке иелік ету құқығынан айырылған, осыған орай қоғам 2016 жылдың сәуір айында ҰСН KZP02Y07D547 борыштық бағалы қағаздар бойынша 33 681 428 ... теңге көлемінде купондық сыйақы төлеу мүмкіндігі жоқ екендігі туралы хабарлады. цитата соңы [2015-10-22]