"СОКОЛОВКА" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2016 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

15.04.16 12:27
/KASE, 15.04.16/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "СОКОЛОВКА" АҚ ("СОКОЛОВКА" АҚ, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2016 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C60100019 жай акцияларының жалпы саны 1 300 000 дана; - компанияның 1 120 269 жай акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға KS HOLDING S.A.R.L болып табылады. [2016-04-15]