"Темiрбанк" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2016 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

15.04.16 10:32
/KASE, 15.04.16/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Темiрбанк" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2016 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - банктің жарияланған KZ1C00260014 жай акцияларының жалпы саны 20 000 000 000 дана, KZ1P00260110 артықшылықты акциялар саны – 5 000 000 дана; - банктің барлық жарияланған акциялары орналастырылған; - банк өзінің 4 002 719 артықшылықты акциясын қайта сатып алды; - банктің орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға "FORTEBANK" АҚ болып табылады, оның меншігінде 20 000 997 281 (банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан 99,98%) соның ішінде банктің 20 000 000 000 жай акциясы (банктің орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 100,00%) және 997 281 артықшылықты акциясы (банктің орналастырылған артықшылықты акцияларының жалпы санынан 19,95%) бар. [2016-04-15]