2016 жылдың 12 мамырында "Имсталькон" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болады

01.04.16 17:06
/KASE, 01.04.16/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Имсталькон" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания), 2016 жылдың 12 мамырында сағат 10.00-де компания акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болатыны туралы биржаға хабарлады, аталмыш жиналыстың күн тәртібінде: - 2015 жылға компанияның қаржылық есебін бекіту; - Компанияның 2015 жылға таза табысын бөлу тәртібі, жай акциялар бойынша дивиденд төлеу туралы шешім қабылдау, 2015 жылға дивиденд көлемін бекіту туралы; - компанияның Директорлар кеңесінің жұмысы туралы есебі; - компанияның жарғысын жаңа редакцияда бекіту; - компания органын қайта сайлау туралы. Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Алматы қ., Айманов көшесі, 140, конференц-зал. Аталмыш жиналыса қатысушыларды тіркеу сағат 09:00-ден басталады. Аталмыш жиналысқа қатысушы акционерлердің тізімі 2016 жылдың 03 мамырындағы жағдайы бойынша жасалды. Кворум болмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жиналысы жоғарыда аталған мекен-жайда 2016 жылдың 13 мамырында өтеді. [2016-04-01]