"АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ "Delta Bank" акционерлік қоғамының KZP01Y05E178 (KZ2C00001709, NFBNb2) облигациялары бойынша маркет-мейкер мәртебесінен бас тартты

15.02.16 16:38
/KASE, 15.02.16/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен "АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ (Алматы) 2016 жылдың 18 ақпанынан бастап "Delta Bank АҚ (Алматы) KZP01Y05E178 (KZ2C00001709, KASE ресми тізімі, "өзге де борыштық бағалы қағаздар" санаты, NFBNb2) облигациялары бойынша маркет-мейкер міндеттерін орындаудан босатылды: Бұл шешім "Маркет-мейкерлер туралы қағида" атты KASE ішкі құжатының 4 бабына сәйкес маркет-мейкердің өтініші негізінде қабылданды. [2016-02-15]