Ұлттық Банк "ШалкияЦинк ЛТД" АҚ акцияларын 2015 жылдың 13 шілдесінен 2016 жылдың 12 қаңтарына дейінгі кезеңде орналастыру нәтижелері туралы есебін бекітті

29.02.16 17:04
/KASE, 29.02.16/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ШалкияЦинк ЛТД" АҚ (Алматы, одан әрі – банк), биржаға банктің акцияларын орналастыру нәтижелері туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (Ұлттық Банк) 2016 жылдың 22 ақпанындағы хатының көшірмесін ұсынды. Аталмыш хатқа сәйкес: - Ұлттық Банк банк акцияларының 2015 жылдың 13 шілдесінен 2016 жылдың 12 қаңтарына дейін орналастыру нәтижелері туралы есебін бекітті; - 2016 жылдың 12 қаңтарындағы жағдай бойынша банктің 521 880 512 жай акциялары орналастырылмаған, оның жарғылық капиталы 11 916 100 105,76 теңгені құрады. Есеппен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/SHZN/shzn_razm_220216.pdf мекен-жайында танысуға болады [2016-01-29]