KASE Директорлар кеңесінің мүшесі – KASE тәуелсіз директоры болып Е.И.Сәлімов сайланды

12.02.16 11:08
/KASE, 12.02.2016/ – Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының 2016 жылдың 11 ақпанындағы шешімімен "Қазақстанның халық жинақ банкі" АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Ертай Исмайылұлы Сәлімов KASE Директорлар кеңесінің мүшесі – KASE тәуелсіз директоры болып сайланды. Биржаның жаңа тәуелсіз директорының кезектен тыс сайлауы Ж.Б.Құрмановтың KASE Директорлар кеңесінің мүшесі – KASE тәуелсіз директоры ретінде өкілеттігі басқа жұмысқа ауысуына байланысты мерзімінен бұрын тоқтатылғандықтан өткізілді. KASE Директорлар кеңесінің жаңартылған құрамы http://www.kase.kz/ru/kase_management KASE интернет-сайтында жарияланды. [2016-02-12]