KASE ТӨРАҒАСЫ БОЛЫП АЛИНА АЛДАМБЕРГЕН САЙЛАНДЫ

08.02.16, 17:52
/KASE, 08.02.2016/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің шешімімен 2016 жылдың 09 ақпанынан бастап өкілеттілік мерзімі үш жылға KASE Төрағасы болып Алина Өтемісқызы Алдамберген сайланды. Бұдан бұрын А.Ө. Алдамберген "Байтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқармасы Төрағасының орынбасары, "Самұрық-Қазына Қаржы" ЖШС бас директоры, Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі агенттіктің (ҚҚА АӨҚО) Төрағасының орынбасары болып қызмет атқарып, сондай-ақ "ДАБ "ABN AMRO Банк Казахстан" АҚ жетекшілік лауазымдарда еңбек еткен. Әр жылдары А.Ө.Алдамберген KASE Директорлар кеңесінің құрамына сайланып, соның ішінде тәуелсіз директоры болған. А.Ө. Алдамберген 1995 жылы Қазақ Мемлекеттік басқару Академиясын үздік аяқтаған, 1997 жылы – Е. Саймон Уильям атындағы Рочестер Университетінің (MBA) Іскерлік Әкімшілік ету мектебін бітірген. Қазіргі уақытта KASE Басқармасы бес адамнан тұрады: А.Ө. Алдамберген, (Төраға), И.М. Сәбитов (Төраға орынбасары), А.Ю. Цалюк (Төраға орынбасары), Н.Ю. Хорошевская (Төраға орынбасары), А.С. Тұрғұлова (даму бойынша директор) [2016-02-08]