"Имсталькон" АҚ "Эксперт РА Казахстан" Рейтингілік агенттігі" ЖШС қоғамның несие қабілеттілігін және сенімділік облигацияларының үш шығарылымын "С" деңгейіне дейін төмендеткені туралы хабарлады

04.02.16 10:37
/KASE, 04.02.16/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Имсталькон" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), ресми хатпен төмендегі хабарламаны ұсынды: ... "Эксперт РА Казахстан" рейтингілік агенттігі (RAEX) "Имсталькон" АҚ несие қабілеттілігі рейтингін С деңгейіне дейін төмендетті (Дефолт. Міндеттемелерді орындамау) және облигациялардың үш шығарылымының сенімділік рейтингін (ҰСН – KZP01Y07D549, KZP02Y07D547, KZP01Y07D747) С (Дефолт. Міндеттемелерді орындамау) деңгейінде төмендетті. Бұрын компанияда B++ рейтингі (несие қабілеттілігінің қанағаттанарлық рейтингі) болған, облигация шығарылымында B++ рейтингі (сенімділіктің қанағаттанарлық рейтингі). ... "Эксперт РА Казахстан" рейтингілік агенттігі ЖШС баспасөз- хабарламасымен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/IMSK/imsk_reliz_030216.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2016-02-04]