"Казкоммерцбанк" АҚ "БТА Банк" АҚ акцияларының сату нәтижелері жайлы хабарлайды

02.02.16 18:05
/KASE, 03.02.2016/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), төмендегі баспасөз-хабарламасын ұсынды: цитата басы "Казкоммерцбанк" АҚ (бұдан кейін – "ККБ") "БТА Банк" АҚ (бұдан кейін – "БТА") жай акциялардың 99,4187% үлесін құрайтын жай акциялардың 608,374,602,366 данасын сату нәтижелері жайлы хабарлайды. БТА-ның аталған акциялары ҚКБ-нің келесі акционерлеріне сатылды: К.Х. Ракишев мырзаға - жай акциялардың 299,211,380,223 данасы (немесе БТА-ның сатылған акцияларының 49,18%-ы); Н.С.Сұбханбердин мырзаға - жай акциялардың 299,211,380,223 данасы (немесе БТА-ның сатылған акцияларының 49,18%-ы); ҚКБ-нің миноритарлық акционерлеріне - жай акциялардың 9,951,841,920 данасы (немесе БТА-ның сатылған акцияларының 1,64%-ы). БТА-ның акциялары сатылған соң ҚКБ БТА-ның акционерлері қатарынан шықты. БТА-ның аталған акцияларының бағасы - 1 жай акция үшін 0,00001 теңге бойынша ҚКБ-ның акционерлеріне ұсынылған ұсынысқа сәйкес және соның аясында сатылды. Байланыс үшін: Әлия Нұрсипатова, Алма Бұйрақұлова, қаржы институттарының департаменті +7 (727) 258-51-25, E-mail: investor_relations@kkb.kz Лариса Коковинец, бұқарамен байланыс департаментінің директоры Тел.: +7 (727) 258-54-56, 258-53-92, E-mail: pr@kkb.kz цитата соңы [2016-02-03]