KASE акцияларының шығарылым аңдатпасына өзгертулер енгізілді

01.02.16 17:35
/KASE, 01.02.2016/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) KASE акцияларының № 15 шығарылым аңдатпасына (Аңдатпа) өзгертулер енгізілгені туралы хабарлады. Аталмыш түзетулер KASE Директорлар кеңесінің шешіміне (2016 жылдың 08 қаңтарындағы №1 отырысы хаттамасы) байланысты енгізілді: - 2016 жылдың 11 қаңтарынан бастап Есжан Амантайұлы Біртановтың Биржа Басқармасының Төрағасы ретінде өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылғаны туралы; - 2016 жылдың 11 қаңтарынан бастап KASE Басқармасының мүшесі Наталья Юрьевна Хорошевскаяны Биржа Басқармасы төрағасының міндетін атқарушы етіп белгісіз мерзімге, Директорлар кеңесінің өзге шешім қабылдауына дейін тағайындау туралы. KASE акцияларының жаңартылған шығарылым аңдатпасы KASE интернет- сайтында "Биржа туралы"– "Корпоративтік құжаттар" бөлімінде http://www.kase.kz/files/for_shareholders/kasef9_izm15_2016.pdf мекен- жайында орналастырылған. [2016-02-01]