KASE мүдделі мәміле жасасқаны туралы хабарлайды

19.01.16 10:00
/KASE, 19.01.2016/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (бұдан әрі – KASE немесе Биржа) өз мүддесі бар мәміле және Қазақстан қор биржасы ерекше қатынастарда байланыстағы тұлғамен мәміле жасасу ретінде, "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы" АҚ тұрғын емес жайларды жалға алу бойынша мемлекеттік сатып алулар туралы келісім-шартын жасасқаны туралы хабарлайды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2012 жылдың 24 ақпанындағы № 72 қаулысымен бекітілген, Қаржылық есеп берушілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік уақиғалар, қаржылық есеп берушіліктер және аудиторлық есетер, сондай-ақ атқарушы органның мүшелеріне жыл қортындысы бойынша сыйақы төлеу туралы ақпараттарды орналастыру ережелеріне сәйкес, келесі ақпаратты жария етеміз: 1. Акционерлік қоғамның органы мәміле жасасу туралы шешім қабылдаған күні: 2016 жыл 12 қаңтар (Директорлар кеңесінің 2016 жылдың 12 қаңтарындағы № 2 отырыс хаттамасы). 2. Мәміленің заты болып табылатын мүліктің құны: 3 024 000,00 теңге. 3. Мәміленің заты болып табылатын мүліктің соңғы бағалау датасы: қолданылмайды. 4. Мәміленің заты болып табылатын мүліктің жалпы активтерге қатысты пайыздық қатынасы: 0,035 %. 5.Мәміленің негізгі елеулі шарттары: Алматы қаласы, айтеке би көшесі, 67, мекен-жайында орналасқан әкімшілік ғимаратындағы үй-жайды уақытша пайдалану және ие болу (жалға алу), сондай-ақ жалға алған үй-жайларды ұстауға байланысты қызметтер. Жалдау мерзімі – 2016 жылдың 01 қаңтарынан бастап 31 желтоқсанына дейін. 6.Мәміленің жасалған күні: 2016 жылдың 14 қаңтары. [2016-01-19]