Ұлттық Банк KASE акцияларының шығарылым аңдатпасына өзгертулер мен толықтыруларды тіркеді

15.01.16 16:58
/KASE, 15.01.16/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Қазақстан Ұлттық Банкі (Ұлттық Банк) 2016 жылдың 8 қаңтарында KASE акцияларының шығарылым аңдатпасына (Аңдатпа) №14 өзгертулер мен толықтыруларды (түзетулер) тіркегені туралы хабарлады. Аталмыш түзетулер Қазақстан Ұлттық Банкінің өкілдерінің KASE Директорлар кеңесінің мүшелері ретінде ауысуына байланысты сондай-ақ Аңдатпаны жандандыру мақсатында енгізілген. Акциялар шығарылымының жаңартылған шығарылым аңдатпасы KASE интернет-сайтында "Биржа туралы" – "Корпоративтік құжаттар" бөлімінде http://www.kase.kz/files/for_shareholders/kasef9_izm14_2016.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2016-01-15]