18 қаңтардан бастап KASE қайталама нарық секторында "СОКОЛОВКА" АҚ KZ1C60100019 (KZ1C00001189, SKLK) жай акцияларының сауда-саттығы ашылады

15.01.16 10:27
/KASE, 15.01.2016/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2016 жылдың 18 қаңтарындағы шешімімен KASE қайталама нарық секторында "СОКОЛОВКА" АҚ (Қостанай облысы) KZ1C60100019 (KZ1C00001189, KASE ресми тізімі, екінші санат, ALMS) жай акцияларының сауда-саттығы ашылады Аталмыш акциялардың KASE сауда-саттық жүйесіндегі баға белгілеу дәлдігі, қазақстандық теңгемен көрсетілген, акцияның бағасының екінші ондық таңбасына дейін деп белгіленген. Осы акциялар KASE ресми тізіміне 2015 жылдың 20 қазанынан бастап екінші санат бойынша енгізілген. Аталмыш акциялар бойынша толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/kz/emitters/show/SKLK мекен-жайында жарияланған [2016-01-15]