"Private Asset Management" АҚ "Имсталькон" акционерлік қоғамының облигацияларының үш шығарылымы бойынша маркет-мейкер мәртебесінен бас тартты

13.01.16 17:27
/KASE, 13.01.16/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен "Private Asset Management" АҚ (Алматы) 2016 жылдың 18 қаңтарынан бастап "Имсталькон" АҚ (Алматы) келесі облигациялары бойынша маркет-мейкер міндеттерін орындаудан босатылды: - KZP01Y07D549 (KZ2C00000412, KASE ресми тізімі, "өзге де борыштық бағалы қағаздар" санаты, IMSKb1); - KZP02Y07D547 (KZ2C00000446, KASE ресми тізімі, "өзге де борыштық бағалы қағаздар" санаты, IMSKb2); - KZP01Y07D747 (KZ2C00000420, KASE ресми тізімі, "өзге де борыштық бағалы қағаздар" санаты, IMSKb3). Бұл шешім "Маркет-мейкерлер туралы қағида" атты KASE ішкі құжатының 4 бабына сәйкес маркет-мейкердің өтініші негізінде қабылданды. [2016-01-13]