2016 ЖЫЛДЫҢ 11 ҚАҢТАРЫНАН БАСТАП KASE БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ЕСЖАН БІРТАНОВТЫҢ ӨКІЛЕТТІЛІГІ БАСҚА ЖҰМЫСҚА АУЫСУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТЫЛДЫ

12.01.16, 18:34
/KASE, 12.01.16/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің 2016 жылдың 11 қаңтарындағы шешімімен KASE Басқармасының Төрағасы Біртанов Есжан Амантайұлының өкілеттілігі өз еркімен, басқа жұмысқа ауысуына байланысты, мерзімінен бұрын тоқтатылды. Басқарма Төрағасының міндеттерін атқарушысы болып Хорошевская Наталья Юрьевна тағайындалды. KASE Директорлар кеңесінің және Басқармасының құрамы KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/kz/kase_management мекен-жайы бойынша жарияланған. Тиісті баспасөз мәлімдемесі KASE интернет-сайтының http://www.kase.kz/files/press/ru/11_01_16_Birtanov_Khoroshevskaya_kz.pdf мекен-жайында жарияланған. [2016-01-12]