"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ өзінің Директорлар кеңесінің құрамы өзгергені туралы хабарлады
11.01.16 14:42
/KASE, 11.01.16/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған, "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ
(Астана), биржаға 2015 жылдың 31 желтоқсанында жолдаған ресми хатында
былай деп мәлімдеді:
ҚР Үкіметінің 2015 жылдың 29 желтоқсанындағы № 1113 қаулысымен
"Самұрық-Қазына" АҚ Директорлар кеңесінің құрамына өзгертулер енгізіліп,
осы өзгертуге сәйкес ҚР Президентінің көмекшісі ретінде Смайылов Әлихан
Асхатұлы және тәуелсіз директор ретінде Дэкампа Оливье Эдуард
Эммануэль кіңргізіліп, сондай-ақ келесі тұлғалар: Е.Т. Орынбаев және
Н.Д. Стейплтон шығарылды.
[2016-01-11]