Ұлттық Банк "AltynEx Company" АҚ акцияларының шығарылым аңдатпасына өзгертулерді тіркеді

24.12.15 11:09
/KASE, 10.08.15/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "AltynEx Company" АҚ (Ақтөбе обл) облигацияларының шығарылым аңдатпасына енгізілген тіркелген өзгертулердің және бұрынғысының орнына берілген, бағалы қағаздардың мемлекеттік тіркеуден өтуі туралы 2015 жылдың 15 желтоқсанындағы куәлігінің көшірмелерін биржаға ұсынды. Аталмыш құжаттарға сәйкес: - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҰБ) банктің аталмыш акцияларының шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулерді тіркеді; - аталмыш куәлік компанияның жай және артықшылықты акцияларын шығарылымы саны ұлғаюына байланысты ауыстырылды; - банктің жарияланған KZ1C60080112 жай акциялары саны - 123 333 дананы құрайды, оның ішінде KZ1P60080119 артықшылықты акциялары 24 666 дананы құрайды; - банктің акцияларының шығарылымы Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне А6008 нөмірімен енгізілді; Компанияның акциялар шығарылымына енгізілген өзгертулер KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/ATEC/atecf9_izm_151215.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2015-12-24]